Байқоңырдан "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы cәтті ұшырылды
Байқоңыр. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. |
"Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кемесі "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен Халықаралық ғарыш станциясына №1 алаңның №5 ұшыру қондырғысынан 10 қыркүйек күні Астана уақытымен 01 сағат 50 минутта штаттық режимде ұшырылды.
"Прогресс М-65" ЖТК ұшу циклограммасына сәйкес ол зымыран тасығышының үшінші сатысынан бөлініп, белгіленген параметрлермен ғарышқа шықты. Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен 13 қыркүйекте Мәскеу уақытымен 01 сағат 01 минутта түйістірілуге тиіс.
Бұл жүк тасымалдаушы "Прогресс" корабльдерінің 2008 жылға Халықаралық ғарыш станциясына жоспарланған бес ұшырылымның үшіншісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін