Байқоңырдан «Протон» зымырандары 2025 жылға дейін ұшырылуы мүмкін – Қазғарыш - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан «Протон» зымырандары 2025 жылға дейін ұшырылуы мүмкін – Қазғарыш

Байқоңырдан «Протон» зымырандары 2025 жылға дейін ұшырылуы мүмкін – Қазғарыш

 Қазақстан ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабековтің пікірінше, «Протон» зымырандары Байқоңырдан 2025 жылға дейін ұшырылуы мүмкін.

  • 3 Желтоқсан 2013
  • 721
Фото - Caravan.kz

«Протон» зымырандары 2025 жылға дейін ұшырылуы мүмкін деп ойлаймыз», — деді ол сейсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.

М.Молдабеков Ресей жағының аталған зымырандар санын қысқарту жөніндегі мемлекет аралық келісімге қол қойғанын еске салды.

«Бірақ, ұшырылымдарды бірден қысқартып тастауға болмайды (…). «Протон» ғарыш айлағындағы негізгі «жұмыс алаңы». Біз оны жауып тастайтын болсақ, ғарыш кешенін пайдаланудың ешқандай мәні қалмайды. Бұл Ресеймен қарым-қатынасымызға да сызат түсіреді әрі Ресейдің ғарыш саласы үшін ауыр соққы болмақ. Оның бізге де кесірі тимей қоймайды. Сондықтан, олай істеуге болмайды», — дейді ол.

Қазғарыш басшысы орынбасарының айтуынша, «мәселені басқа зымыран тасығыш жасау арқылы шешуге болады».


«Бәйтерек» ғарыш кешені сол үшін қолға алынды. Бірақ, біз «Протонның» орнын басатын «Зенит» зымыранын тек 2018 жылы ғана жаңғырта аламыз. Бірақ, бұл 2018 жылдан бастап «Протон» ұшырылымдарына тыйым салынады дегенді білдірмейді», — деді М.Молдабеков.