Ресейдің әскери мақсаттағы «Космос» жер серігін алған «Протон-К» зымыран тасығышы Астана уақытымен 05 сағат 59 минутта (мәскеудің 03.59 сағаты) №24 ұшырылым қондырғысынан штаттық режимде ұшырылды.
Ұшырылым циклограммасына сәйкес, «Протон-К» зымыран тасығышы үдеткіш блогымен зымыран тасығыштың соңғы сатысынан бөлініп, көрсетілген параметрлі есепті орбитаға шығарылды.
Ғарыштық аппарат үденткіш блоктан мәскеу уақытымен 10.37-де бөлінуге тиіс.
Зымыран атсығыштың ұшырылымын ғарыш айлағына келген РФ қорғаныс министрі Анатолий Сердюков пен осы қалада жүрген Қазақстан парламентінің депутаттары тамашалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті