Ақпарат көзінің хабарлауынша, ғарыш айлағында «Космос» жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді. Бүгін жанармай құю бекетінде Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын «Космос» жер серігін алып ұшуға тиіс «Бриз-М» үдеткіш блогының бактарына жанармай құю жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары «Протон-М» зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне шығаруға дайындалады.
Ұшырылым алдындағы дайындақтарды тікелей ұшырылым кешенінде одан әрі жалғастыру жөніндегі шешімді 4 желтоқсанда мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс.
«Космос» жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын №81 алаңның ұшырылым кешеніне шығару 5 желтоқсан таңертеңге белгіленген. Бұдан кейін ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін тексере бастайды.
«Космос» жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышы №81 алаңнан 9-желтоқсанда Астана уақытымен 6 сағат 16 минутта (Мәскеу уақытымен 3.16) ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті