Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырған кезде апат болып, зымыран Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырған кезде апат болып, зымыран Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырған кезде апат болып, зымыран Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек . БАЙҚОҢЫР - АСТАНА. Бүгін түнде Бақоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы, "Бриз-М" үдеткіш блогы мен Жапонияның JCSAT-11 ғарыштық аппаратымен Жезқазғаннан 40 шақырым жерге құлады. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 6 Қыркүйек 2007
  • 1035
Фото - Caravan.kz

«Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылым белгіленген мерзімде- Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылған, алайда ұшырылымның 135 секундында зымыранның екінші саты қондырғысының қозғалтқышы апатты жағдайда өшіп қалған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, «зымыран тасығыш Жезқазғаннан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 40 шақырым жерге құлаған».

Қазір Байқоңырда апаттың себептерін зерттеу және зымыран тасығыш құлаған аумақты зерттеу жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Орталықтың хабарлауынша, бұл «Протонның» 1999-жылғы ұшырылымнан кейінгі алғашқы апаты, ол кезде Қарағанды облысына екі «Протон» құлаған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Протон» зымыран тасығышы ғарыштық орбитаға Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсететін JCSAT-11 ғарыштық аппаратын шығаруға тиіс еді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті