Байқоңырға 2008 жылы "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға  2008 жылы "Союз ТМА-12"  пилотты ғарыш кемесін ұшыруға арналған  "Союз-ФГ" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңырға 2008 жылы "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңыр. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" . - Байқоңырға 2008 жылы "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы жеткізілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2007
  • 426
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең Төретам станциясына Самарадағы «ЦСКБ-Прогресс» зауытында жасалған «Союз-ФГ» зымыраны тиелген вагондар келіп жетті.

Қазір кедендік рәсімдеу шаралары жүргізілуде, бұдан кейін зымыран тасығыш тиелген вагон 112 -ші алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі, бұл жерде зымыран тасығыштың блоктары мен сатылары бар контейнерлер сақтауға қойылады.

Халықаралық ғарыш станциясына баратын экипажды «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесімен жеткізетін «Союз-ФГ» зымыран тасығышын құрастыру және ұшырылымға дайындау жұмыстары 2008 жылдың басына межеленген.

«Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесі мен «Союз-ФГ» зымыран тасығышын 2008 жылғы көктемде ұшыру жоспарланып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті