Байқоңырға 23 қаңтарда ұшырылады деп межеленген "Экспресс-АМ33" жер серігі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға 23 қаңтарда ұшырылады деп межеленген "Экспресс-АМ33" жер серігі жеткізілді

Байқоңырға 23 қаңтарда ұшырылады деп межеленген "Экспресс-АМ33" жер серігі жеткізілді

Байқоңыр. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға 23 қаңтарда ұшырылады деп межеленген Ресейдің "Экспресс-АМ33" жер серігі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 4 Қаңтар 2008
  • 483
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, ғарыштық аппарат бүгін «Юбилейный» әуежайына ИЛ-76 жүк ұшағымен жеткізілді.

«Қазір «Экспресс-АМ33″ ғарыштық аппаратын қосымша жабдықтарымен қоса 92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусына жеткізу үшін тасымалдағышқа тиелуде, онда ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары жүргізіледі», — деп хабарлайды ақпарат көзі.

Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. «Экспресс-АМ33» байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Бұл апарат орбитада 2006 жылғы наурызда «ғарыштық қоқыспен» соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған «Экспресс-АМ11» геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.

«Экспресс-АМ33» ғарыштық аппараты «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен 23 қаңтарда ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті