«АМС-14» ғарыштық аппараты қосалқы жабдықтарымен қоса бүгін таңертең «Юбилейный» әуежайына АН-124 транспорттық ұшағымен жеткізілді.
Ұшақтан түсірілгеннен кейін «АМС-14» жер серігі қосалқы жабдықтарымен қоса 92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі, онда аппарат ұшырылымға дайындалады.
«АМС-14» ғарыштық аппаратын Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы жасап шығарған. Жер серігі 32 транспондермен қамтамасыз етілген және Солтүстік Америка тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз етеді. «АМС-14» 15 жыл пайдаланылуға тиіс.
Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы АҚШ-тың «АМС-14» байланыс жер серігін алып 2008 жылдың 15-наурызында ұшады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті