Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Самарадағы «Прогресс» зауытынан шыққан темір жол құрамы бүгін Төретам темір жол бекетіне келіп, ғарыш айлағына екі «Союз» зымыран тасығышын жеткізді.
«Тиісті кедендік процедуралардан өткеннен кейін құрам ғарыш айлағының ішіндегі темір жол тармағына көшіріліп, ғарыш айлағының №112 алаңына жеткізіледі», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Екі зымыран да күзде пилотты бағдарламалар бойынша ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған.
«Союз-У» зымыран тасығышы «Прогресс М-65» транспорттық ғарыш кораблін ұшыруға дайындалады. Жүк таситын «Прогресс» алдын-ала 2008 жылдың 10 қыркүйегінде ұшырылады деп межеленген.
Ал «Союз-ФГ» зымыран тасығышы 18-ші негізгі экспедицияның экипажы мінген «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесін орбитаға шығару үшін пайдаланылады.
Пилотты ұшырылым 2008 жылдың 12 қазанына жоспарланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті