Ақпарат көзінің хабарлауынша, кеше кешке Королев қаласындағы зауыттан шыққан «Прогресс М-63» жүк кемесі теміржол транспортымен Төретам станциясына жеткізілді. Қажетті кедендік процедуралардан кейін ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтар тиелген вагон темір жол тармағымен Төретам станциясынан №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына дейін жеткізіледі. Бұл жерде ол ұшырылым алдындағы дайындықтар басталғанға дейін сақтауға беріледі.
«Прогресс» жүк кораблін ұшырылымға дайындау аясында 30 қарашада ғарыш айлағына «Союз-У» зымыран тасығышы жеткізілді, ол «Прогресс М-63» жүк кораблін ғарышқа шығаруға арналған.
«Прогресс М-63» жүк кораблін ғарышқа алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау жұмыстары 2008 жылғы қаңтардың басында басталады. «Прогресс М-63» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.
«Прогресс М-63» жүк кораблін ғарышқа алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышы 2008 жылдың қаңтарында ұшырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті