Бүгін Төретам бекетіне Мәскеу түбіндегі Королев қаласынан темір жол құрамы келді, ол ғарыш айлағына «Прогресс М-65» жүк кемесін жеткізді.
Кедендік рәсімдеуден кейін құрам айлақ ішіндегі темір жолмен ғарыш айлағының №254 алаңына жеткізіледі, онда ғарыш кемесінің ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі.
«Прогресс М-65» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын мен ғылыми жабдық жеткізеді.
«Прогресс М-65» жүк кемесі «Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 қыркүйегінде ұшырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті