Байқоңырға қатысты жаңа келісім жасалмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға қатысты жаңа келісім жасалмақ

Байқоңырға қатысты жаңа келісім жасалмақ

Астана мен Мәскеу Байқоңырға қатысты жаңа келісім жасамақ. Алдымен тараптар ғарыш айлағын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспарын бекітіп алмақшы. Тиісті құжатты талқылау үшін бүгін Елордаға Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары  ұшып келді.

  • 11 Желтоқсан 2013
  • 283
Фото - Caravan.kz


Ғарыш пен қорғаныс саласына жауапты вице-премьер Дмитрий Рогозинді алдымен Елбасы қабылдап  қордаланған түйткілдерді талқылады. Кездесуде 2-ші шілдеде құлаған «Протоннан»  келген 14 млд теңге өтемақыны өндіріп алу мәселесі қозғалды ма, жоқ па, бұл жағы белгісіз. Бірақ біздің Үкімет Байқоңырдан қоршаған ортаға зияны жоқ зымырандардың ұшуын талап етпек.