Байқоңырға қыркүйекте "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді
Байқоңыр. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға қыркүйекте "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. |
Протон-М" зымыран тасығышы қосалқы жабдықтарымен Мәскеу түбіндегі М. Хруничев атындағы орталықтан темір жол көлігімен Төретам ауылына жеткізілді.
Зымыран тасығыштың блоктары мен қосалқы жабдықтары тиелген вагондар ғарыш айлағы аумағындағы темір жол тармағымен №92 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізілді, онда зымыран тасығыштың сатылары құрастырылып, ұшырылымға дайындалады.
Ресейдің навигациялық жер серіктерін ұшыру науқаны аясында ғарыш айлағында екі бірдей "Глонасс-М" ғарыштық аппаратының ұшырылым алдындағы дайындықтары жүргізілуде. Үшінші жер серігі тамыздың аяғында айлаққа жеткізіледі.
Үш бірдей "Глонасс-М" ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының бұл 2008 жылғы Байқоңырдан бірінші ұшырылымы. "Протон-М" зымыран тасығышы тағы да үш "Глонасс-М" жер серігін алып 2008 жылдың желтоқсан айында ұшырылады.
Үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс.
Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін