Жарияланды: 670

Байқоңырға Ресейдің "Глонасс-М" навигациялық жер серігі жеткізілді

Байқоңыр. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Ресейдің "Глонасс-М" навигациялық жер серігі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ресейдің Железногорск қаласындағы "Академик М.Решетнев атындағы ақпараттық жер серіктері жүйесі" ААҚ кәсіпорнында жасалған "Глонасс-М" жер серігі бүгін "Юбилейный" әуежайына АН-124-100 "Руслан" жүк көлігімен жеткізілді. "Глонасс-М" ғарыштық аппараты ұшақтан түсірілген соң қосалқы жабдықтарымен қоса 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі, ол жер аппараттың ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі. Қалған екі аппарат жасалып біте сала жеткізілмекші. "Глонасс-М" ғарыш аппараты академик М. Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалған және ол ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің аппараттар топтамасын толықтыруға тиіс. 24 ғарыш аппаратынан құралған топ 2008 жылы толығуға тиіс. Жүйеге шетелдік тұтынушылар 2009 жылы ғана қол жеткізе алады. ГЛОНАСС жүйесін дамыту Ресей үшін де, Қазақстан үшін де стратегиялық мәнге ие. Ғарыш бағдарламаларының аясында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында ГЛОНАСС жобасына бірлесе қатысу туралы келісім жасалған. Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть