Байқоңырлықтар қаланың 50 жылдық мерейтойын атап өтуге әзірленуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырлықтар қаланың 50 жылдық мерейтойын атап өтуге әзірленуде

Байқоңырлықтар қаланың 50 жылдық мерейтойын атап өтуге әзірленуде

2005-жылдың маусым айында Байқоңыр қаласына 50 жыл толады. Осыған байланысты қалалық әкімшілік ғарыш айлағындағы бірқатар нысандарды жаңалауға шешім қабылдады,- делінген Росавиакосмос агенттігінің хабарламасында.

  • 5 Тамыз 2003
  • 504
Фото - Caravan.kz

Жаңалау шаралары «Байқоңыр кешенінің инфрақұрылымын сақтау және қалпына келтірудің 2001-2005-жылғы басым бағыттары» атты мақсатты бағдарлама аясында жүзеге асырылады.

Осыған байланысты қала әкімшілігінің төрағасы Александр Мезенцевтің шақыруымен Санкт-Петербургтен «Канон» фирмасының бас директоры, Ресей сәулетшілер одағының мүшесі Николай Соколов Байқоңырға келді. Ол алдағы 3-4 айдың ішінде қаладағы аса маңызды нысандарды жаңалау жобасын жасап шығаруға тиіс.
«Канон» фирмасы болашақ жөндеу жұмыстарына авторлық бақылау жасайды. Ал жаңалау жұмыстарының мердігерлері Байқоңыр қаласының өзінде іріктеледі.

Соңғы жаңалықтар