«Бәйтеректің» қасында кәсіпкерге оқ атқандар 12 жылға сотталуы мүмкін
Астанада бүгін тағы бір шулы процесс басталды. Бұл жолғы сот тура «Бәйтеректің» маңында болған атысқа қатысты. Оқиғаға байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалып, бір жарым жыл тергеу жүрген. Қаланың қақ ортасындағы «Керуен» ойын-сауық орталығынан шыққан екі адамға бетіне медициналық маска киген белгісіз біреулер шабуыл жасап, травматикалық қарудан оқ жаудырған болатын. Қастандық салдарынан алматылық кәсіпкер мен қасындағы досы ауыр |
Астанаың қақ ортасында болған атысқа қатысты іс бір жарым жыл тергеліп, сотқа енді жетіп отыр. 36 жастағы алматылық кәсіпкер Олжас Мұқажановқа оқ атқандардың бірі – Камил Ибишев. «Қоғамдық орында адам өлтірмек болды» деп айыпталған оны жақтап сотқа не жақындары, не таныстары келген жоқ. Ал, өзі бет-жүзін жасырып әлек.
Бүгін айыпталушы орындығында өзі тұрғанымен, Ибишев тапсырысты сыбайласымен бірге орындаған. Оқиға былтыр ақпанда болды. Тал түсту тура министрлер үйі мен «Бәйтеректің» жанындағы «Керуен» ойын-сауық орталығынан шыққан алматылық кәсіпкер мен қасындағы досына медициналық маска киген екі жігіт травматикалық тапаншадан оқ жаудырған. Он рет атылған оқтың алтауы Мұқажановқа тиіпті.
- Когда мы пошли в сторону автомобиля вот в том районе как раз и было стрельба. Произвели стрельбу, после чего они побежали по этой дороге в сторону партии «Нур Отан» и забежали в арку водно-зеленого бульвара.
Кәсіпкерді өлтіруге тапсырыс берген бұрын бизнес серіктесі болған Ерлан Анарбек екен. Ол Қауіпсіздік кеңесінде инспектор болып істеген. Қазір «ірі көлемде ақша бопсалады» деген күдікпен халықаралық іздеуде жүр.
Олжас Мұқажанов, жәбірленуші:
- Ерлан екеуміздің арамызда келіспеушілік болған емес. Бірақ, Қостанайда менің жеке бизнесім бар. Тергеу барысында Ерлан Анарбек осындай жолмен кәсібімді тартып алмақ болғаны анықталды. Ол жүргізушісі мен оққағарына 3 мың доллар төлеп, мені өлтіруге тапсырыс берген.
Бір қызығы, бүгін алғашқы сот отырысында Камил Ибишевтің адвокаты қылмыстық істі мүлдем тоқтату туралы өтініш жасады.
Сот отырысы ертең де жалғасады. Егер, судья адвокаттың өтінішін кері қайтарып, прокурорлар Ибишевтің кінәсін дәлелдеп шықса, кем дегенде 12 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін. Бірақ, екінші күдікті жуырда сотқа өзі келіп, кінәсін мойындапты. Тіпті қылмысқа тапсырыс берген адам мен ұйымдастырушының атын атаған. Соған қарағанда, Астананың қақ ортасындағы атысқа қатысты іс жақын күндері аяқталмайтын сынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін