Бакуде Әзербайжан мен Түрікменстанның Каспий мәртебесі жөніндегі кезекті келіссөздері басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде Әзербайжан мен Түрікменстанның Каспий мәртебесі  жөніндегі кезекті келіссөздері басталды

Бакуде Әзербайжан мен Түрікменстанның Каспий мәртебесі жөніндегі кезекті келіссөздері басталды

Баку. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Бакуде Әзербайжан мен Түрікменстанның жұмыс топтары Каспий теңізіндегі орта сызықты анықтау мәселесі жөнінде кезекті келіссөздерді бастады. Бұл туралы бүгін агенттік тілшісіне Әзербайжан республикасының сыртқы істер министрлігі хабарлады.

  • 6 Ақпан 2008
  • 385
Фото - Caravan.kz

Сыртқы саясат ведомствосының ақпараты бойынша, Түрікменстан делегациясын Түрікменстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Хошгелды Бабаев бастаса, Әзербайжан тобына сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов жетекшілік жасауда.

Жұмыс тобының отырысы жабық есік артында өтіп, 10 ақпанға дейін жалғасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті