Жарияланды: 400

Бакуде мешіттегі жарылыстан қаза тапқандар саны үшке жетті

Баку. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Бакудегі "Абу-Бекр" мешітіндегі жарылыстан қаза тапқандар саны үшке жетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Баку прокуратурасының тергеушісі Акиф Рзаевқа сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Баку қаласының Нариман ауданында орналасқан "Абу-Бекр" мешітінде кешкі намаз уақытында сағат 20.50-де болған жарылыстан екі адам қаза тауып, он адам жараланды деген хабар таратылған болатын. "Жарылыстан зардап шеккен бір адам қайтыс болып, құрбандар саны үш адамға жетті. Жарылыс дерегі бойынша Әзербайжанның Қылмыстық кодексінің 120-шы бабына (қасақана кісі өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - деді А. Рзаев. Оның айтуынша, қазір тергеу шаралары жүргізілуде, сараптама қорытындысы шығуға тиіс. Мешіттің жұмысы белгісіз уақытқа тоқтатылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть