Бакуге Қазақстанның қорғаныс министрі келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуге Қазақстанның қорғаныс министрі келеді

Бакуге Қазақстанның қорғаныс министрі келеді

Баку. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бакуге бүгін, 8-қазанда Қазақстанның қорғаныс министрі Даниал Ахметов келеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігіне сілтеме жасай отырып.

  • 8 Қазан 2007
  • 393
Фото - Caravan.kz

«Даниал Ахметов Әзербайжанның қорғаныс министрі Сафар Абиевтің шақырумен келмек және де сапар екі күнге созылады»,- деп хабарлады елшіліктегілер.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, сапар аясында Даниал Ахметов С. Абиевпен, Милли меджлис спикері О. Асадовпен, премьер-министр Артур Расизадемен кездеседі деп жоспарланған. «Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Даниал Ахметов Әзербайжанның президенті Ильхам Әлиевпен кездесуі мүмкін»,- деп атап өтті елшіліктегілер.

Сонымен қатар, екі елдің қорғаныс мекемелерінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті