Қ.Қабылдиннің айтуынша, қазір келіссөздер компаниялар деңгейінде жүргізілуде, ал тиісті құжат әзірленгеннен кейін талқылаулар мемлекетаралық сипатқа көшеді.
Қазақстан өз аумағында жұмыс істейтін компанияларға , олардың болашақта Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбырына қосылуына арнап жағдай жасауда ,-деді атқарушы директор.
Әзербайжан мен Қазақстан арасында үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін келешекте Ақтау-Баку бағытындағы тасымал жүйесін басқаратын Транскаспийлік компаниямен екі арадағы коммерциялық келісімге қол қойылады.
Жаңа құрылған компанияға Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры компаниясына ( ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan)) біріккен Қазақстандағы төрт шетелдік компания қамтылады. Олардың ВТС-тағы үлесі 15 процент, басқаша айтқанда бұл тәулігіне 150 мың баррель мұнайды құрайды. Егер жоба тиімді болып жатса, оған басқа компаниялар да бірігуі мүмкін. «Қазақмұнайгаз» да бұл құрылымға қамтылу мүмкіндіктерін қарастыруда, бірақ шешім экономикалық тиімділігіне қарай қабылданады.
Алғашқы сатыда Қазақстан құбырмен 7,5 млн. тонна мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр, ал жалпы алғанда еліміз бұл мөлшерді жылына 20 млн. тоннаға жеткізбек ниетте. Болашақта, егер Баку-Тбилиси-Жейхан бағытында экспортталатын Қазақстан мұнайының көлемі 20 млн. тоннадан артып кетсе, Ақтауды Бакумен байланыстыратын құбыр тарту қажеттігі туындамақ. Артықша экономикалық тиімділігі айқындалған осынау құбыр туралы мәселе әзірге күн тәртібіне қойылған жоқ. Оны Транскаспийлік компанияға бірігушілер болашақта талқылайды деп күтілуде.
Қ.Қабылдин Транскаспийлік компанияны құру барысында қазір Бакуге дейін мүнай жеткізу үшін қандай үлгідегі танкерлерді пайдалану керектігі турасында зерттеулер жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Каспийде кемелердің техникалық ахуалы, олардың саны және жағалаулық инфрақұрылымның жоқтығы тәрізді тауқыметтер бар. Қазақстанда жұмыс істейтін мұнай компаниялары қазір осы қиындықтарды шешу бағытында кең көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Әзербайжан тарапынан бұл жұмысқа Каспий пароход шаруашылығы мен бірқатар институттар қатысуда «,- деді Қайыргелді Қабылдин.