Жарияланды: 60

Бала емізетін әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілмеді

Бала емізетін әйелдерге вакцина салуға рұқсат берілмеді

Бұған дейін емізулі баласы бар аналарға "Спутник V" вакцинасын салуға рұқсат берілуі мүмкін екені айтылған болатын.

Бала емізу вакцина салуға қарсы көрсетілім болып саналады. Бұл туралы Ресейдің денсаулық министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (Ковивак, Эпиваккорона, Спутник Лайт) сәйкес жүктілік және емізулі баласы бар кезеңде вакцинаны салдыруға болмайды. Себебі бұл аралықта зерттеулер жасалмаған", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар "Спутник V" вакцинасының нұсқаулығына өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес вакцинаның пайдасы болуы мүмкін қауіптен асып кеткен жағдайда жүктілік қарсы көрсетілім тізімінен шығады.

"Емізулі баласы бар әйелдерге "Спутник V" вакцинасы әлі де қарсы көрсетілім болып саналады", - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Ресейде емізулі баласы бар аналарға "Спутник V" вакцинасын салуға рұқсат берілуі мүмкін екені айтылды. "Спутник V" вакцинасын өндірген Гамалея орталығының басшысы Александр Гинцбург Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі емізулі баласы бар әйелдерді осы препаратпен вакциналау қарастырылып жатқанын айтты.

Бұған дейін Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің оң нәтижесі мен вакцинаның қауіпсіз екенін ескеріп, "Спутник V" вакцинасын жүкті әйелдерге салуға болатыны туралы шешім қабылдады.

Ал Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамызда емізулі баласы бар әйелдерге Pfizer вакцинасын салу мәселесі өндірушілерге жолданғанын айтты.

Алдын ала ақпарат бойынша Pfizer тек балалар мен жүкті әйелдерге салынады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін