Жарияланды: 330

Балабақша қоршауын қиратып, балаларды таптап өткен әйелден өтемақы талап етілді

Үш ай бұрын балабақша қоршауын қиратып, бүлдіршіндерді қағып өткен әйелден өтемақы талап етілуде! Көлік астында қалып, ауыр жарақат алған 4 жасар қыздың еміне ата-анасы бүгінгі сот отырысы барысында 1 жарым миллион теңге сұрады.

Алмас Мұхамеджанов, зардап шеккен қыздың әкесі:

- Менің қызым көліктің астында қалып, ең ауыр жарақат алған 3 баланың бірі. Оның бас сүйегі мен миына зақым келді, бүйрегі мен денесіне бірнеше жарақат алды. Мұның бәрін емдеуге ақша керек. Есептей келе, қызымның еміне 1 жарым миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуін сұраймын.

Естеріңізге салсақ, Лэнд Крузер марқалы көлігін тізгіндеген әйел тежегіш пен газды шатастырып, балабақшадағы бүлдіршіндерді қағып өткен еді. Қайғылы оқиғадан 5 жасар қыз қаза тауып, тағы 9 бүлдіршін жарақат алған болатын. Енді 4 жастағы Салтанат Сұлтанғалидің әкесі айыпталушыдан қызының еміне қаржы сұрап отыр. Ал, өзге ата-аналар 46 жастағы Татьяна Семченкоға кешірім беруге дайын екен. Дегенмен, кешірім болса да, былтыр түзетілген заңға сәйкес тежегіш пен газды шатастырған әйел жазасынан құтыла алмайды. Тек оның жеңілдетілуі мүмкін. Семченкоға қатысты кезекті сот отырысында осы жайттар мәлім болды. Келесі отырыс бейсенбіде өтпек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін