Балалар көзімен: Тәуелсіздік және халық құндылықтары. Тұңғыш Президент музейінде күзгі шығармашылық фестивалі өтті
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы fnn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тәуелсіз елде өсіп келе жатқан жас ұрпақ тарих пен ұлттық құнд
24 Қыркүйек
1
Фото: fnn.kz
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы fnn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тәуелсіз елде өсіп келе жатқан жас ұрпақ тарих пен ұлттық құндылықтарды қалай қабылдайды? Бұл сауалдың жауабын елорданың жас өнерпаздарын бір алаңға тоғыстырған күзгі шығармашылық фестивальінен табуға болады. Балалардың шығармашылығы арқылы қазақ халқының тарихы, дәстүрі мен рухани мұрасы жаңаша қырынан көрініс тапты. Ал ұрпақтар сабақтастығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған фестивальдің негізгі идеясына айналды.
Фото: fnn.kz
Бүгін Тұңғыш Президент музейі Балалар шығармашылығының күзгі фестиваліне келген қонақтарға есігін айқара ашты.
Мерекелік іс-шараны Тұңғыш Президент музейі мен Астана қаласы әкімдігінің №2 Өнер мектебімен бірлесіп ұйымдастырды. Фестиваль өнер мен мәдениетке қызығушылық танытатын қауымды бір алаңға жинады.
Фото: fnn.kz
Фестиваль бағдарламасы түрлі шығармашылық бағытты қамтыды. Өнер мектебінің тәрбиеленушілері мен ұстаздары музыкалық және театрландырылған қойылымдар ұсынды. Сондай-ақ, интерактивті сессиялар, шығармашылық зертханалар мен шебердің сабақтары өтіп, келушілер өнердің әртүрлі бағытында қабілетін байқап көрді.
Фестивальдің басты оқиғаларының бірі көркемдік-эстетикалық бөлімнің 2023-2025 жылдардағы түлектерінің 40-қа жуық дипломдық жұмысынан құралған көрме.
Фото: fnn.kz
Кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер туындыларында қазақ халқының тарихы мен рухани құндылықтары көрініс тапты. Дәстүрлі сюжеттер мен заманауи көркемдік тәсілдердің үйлесуі Тәуелсіздік дәуіріндегі ұрпақтар сабақтастығын айшықтай түсті.
Көрме Тұңғыш Президент музейінің ауқымды «Диалог өнері» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның басты мақсаты — қосымша білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан балалардың шығармашылығы арқылы мәдени мұра құндылықтарын дәріптеу.
Фото: fnn.kz
Осындай бастамалар Музейдің мәдени мұраны дәріптейтін кеңістік қана емес, жас таланттарды қолдайтын және шығармашылық сабақтастықты нығайтатын ашық алаң ретіндегі рөлін айқындайды. Фестиваль жас өнерпаздардың жетістіктерін танытып, олардың шығармашылық дамуына үлес қосып жүрген педагогтердің кәсіби еңбегін көрсетуге жол ашты.