Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егу ұсынылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егу ұсынылуы мүмкін

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егу ұсынылуы мүмкін

Балаларға коронавирусқа қарсы вакцина егу ұсынылуы мүмкін.

  • 24 Мамыр 2021
  • 240
Фото - Caravan.kz

Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан мектеп оқушылары үшін «BioNTech-Pfizer» вакцинасын резервтеу қажеттігі туралы айтты, деп хабарарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау ведомствосы басшысының айтуынша, балалар үшін «BioNTech-Pfizer» вакцинасын сақтау – жазғы демалыстан кейін Германияның орта мектептерінің ашылуын қамтамасыз етудің тиімді әдісі.

Мақсатымыз – осы жылдың тамыз айының соңына қарай вакцинаны барлық мектеп оқушысына ұсыну, деп атап өтті Й. Спан.

Неміс және америкалық компаниялар бірлесіп шығарған вакцина – бұл 12 жастан 15 жасқа дейінгі балалар арасында қолдануға арналған Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің сараптамасынан өтіп жатқан жалғыз препарат.

Германияда барлық неміс жерінде мектептерді жабудың және қайта ашудың бірыңғай ережелері бар. «Шұғыл тежеу» механизмі, егер ауру деңгейі қандай да бір әкімшілік бірлікте 100 мың адамға шаққанда жаңа COVID-19 жұқтыру жағдайларының саны 165-тен асып кетсе, мектептерде сабақ беру толығымен тоқтатылатынын білдіреді.


Егер ауру деңгейі осы деңгейден төмен түссе, қашықтан және күндізгі оқу форматы енгізіледі.

«BioNTech-Pfizer» вакцинасын Канада мен АҚШ 12-15 жас аралығындағы балаларға қолданады.

Соңғы жаңалықтар