Жарияланды: 30

Балаларға су мен тамақ бермеген: Алматыдағы баланың өлімі

Балаларға су мен тамақ бермеген: Алматыдағы баланың өлімі

Алматы полициясы кәмелет жасқа толмаған, пансионатта қайтыс болған баланың ісіне қатысты тергеуді бастады.

Балалардың пансионаты деп жұмыс істеген, қайырымдылық қоры ретінде танылған мекемедегі кәмелет жасқа толмаған баланың өзіне қол салып, қаза болуы және басқа да түрлі қылмыстық іс бойынша тергеу және зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

«Аталған пансионаттағы кәмелет жасқа толмаған балалар жүйелі түрде діни қағидаларды орындау және топтық мінажат жасау секілді нәрселерге үйір болған. Келіспеген балаларды жазалаған, оларға тамақ және су бермеген әрі бөлек бөлмеге апарып физикалық түрде қысым көрсеткен», – деп мәлімдеді полиция.

Полицияның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Басқа да ақпараттарды жариялауға рұқсат жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін