Енді елімізде мынадай интернаттық үлгідегі балалар үйлері мүлдем болмайды. Шенеуніктер мен үкіметтік емес ұйымдар батыстың үлгісін бізге де енгізбекші. Яғни, ата-аналарға құқықтық кеңестер беретін, бала асырап алушы ата-аналармен ашық әңгімелер жүргізетін институтты дамытады. Айта өтейік, елімізде жанұлық үлгідегі үйлер саусақпен санарлық қана. Мысалы, елордада мұндай бір ғана орталық бар екен. Ол жерде 202 бала тәрбиенеліп жатыр.