Жарияланды: 30

Балаларын шақырмақ болған астаналық келіншек 12-қабаттан құлап кетті

Балаларын шақырмақ болған астаналық келіншек 12-қабаттан құлап кетті

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қошқарбаев көшесіндегі "Сенатор" тұрғын үй кешенінің ауласынан жас келіншектің мәйіті табылды. Куәгерлер ол балконнан құлап кеткен болуы мүмкін деп болжап отыр. 

Sputnik-ке "Сенатор" тұрғын үй кешенінің тұрғындары хабарлағандай, жиырма алты жастағы Астана тұрғыны балаларына айқайламақ болғанда 12-қабаттағы балконнан құлап кеткен.

"Асфальтте жатқан мәйітке мас әйел екен деп ұзақ уақыт ешкім жақындамаған", — деді Sputnik-ке сұхбат беруші.

Көршілері марқұм сол жерде жан тапсырғанын, артында үш баласы қалғанын хабарлады.  

Астана ішкі істер департаментінің қызметкерлері Sputnik-ке аталған оқиға бойынша полицейлер жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда трагедияның жай-жапсары анықталып жатыр.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін