Балалы әйелге тап берген үш жігіттің видеосы полиция назарына ілікті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалы әйелге тап берген үш жігіттің видеосы полиция назарына ілікті

Балалы әйелге тап берген үш жігіттің видеосы полиция назарына ілікті

Желіде жүргізуші әйелді үркітіп, қорқытқандардың видеосы тараған еді. Полиция бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.

  • 11 Қаңтар 2023
  • 120
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске салайық, видео kris_p_brothers Qazaqstan Instagram-парақшасында жарияланған.

"Менің құрбым мен кішкентай қызы келеңсіз  жағдайға тап болды. Ол көшенің оң жағында келе жатқан, артынан Nexia маркалы көлігі қуып жетіп, тоқтатуға мәжбүрлеген. Көліктен үш ер адам шыққан. Олар көліктің есігін ашуға тырысып, "Шық! Қазір сөйлесеміз!" деп айғайлаған", — деген жазба авторы.

Оның сөзінше, жанжалдың шығуына әйел адамның көлікпен баяу келе жатқаны себеп болған.


Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, әйел адам 10 қаңтарда кешке "102-ге" хабарласқан.

"Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасымен кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр, нәтижесінде күдіктілер анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады", — делінген полиция хабарламасында.