Балаңыздың гей немесе лесбиянка екенін білсеңіз не істеу керек? - Психолог жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балаңыздың гей немесе лесбиянка екенін білсеңіз не істеу керек? - Психолог жауап берді

Балаңыздың гей немесе лесбиянка екенін білсеңіз не істеу керек? - Психолог жауап берді

Қазіргі таңда елімізде трансгендерлер көбейіп кетті, әсіресе әлеуметтік желілерде.

  • 12 Желтоқсан 2022
  • 255
Фото - Caravan.kz

Трансгендерлердің көбеюіне не себеп? Мұны қандай да үрдіс деуге келе ме? Гей, лесбиянкаларды психологиялық аурумен ауырады деп айта аламыз ба?

Осы және өзге де сұрақтарға психолог Мира Әбішева жауап берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

— Қазіргі таңда трансгендерлер өте көп болып кетті. Сіздіңше бұл бұрыннан бар үрдіс пе, әлде қалай деп ойлайсыз?

— Менің ойымша қазір медиа өте қатты ашық болып кетті. Барлығымыз жеңіл ақпаратты ала аламыз, кері байланыс та жеңіл болып кетті. Инстаграм арқылы, фейсбук арқылы барлығымыз бір-бірімізге хабарлама жасап, алмасып отырамыз сондықтан да басқа елден көріп жатқан үрдістер іштей мүмкін қазақстандықтардың сондай ойлар болып жатса оны көре тұра адам да оған еліктей бастайды. Егер ол мемлекетте ондай ашық болса бүгінгі заманда барлығы толерантты, шыдамды қоғамға ұмтылған мемлекетке неге соны көрмеске деген ойдамын. Мүмкін басқа мамандар басқаша айтуы мүмкін. Сондықтан солай ойлаймын. Барлығы медиаға байланысты. Барлығы ақпараттың дайын ашық болғандықтан үрдіс болып жатқанына себеп деп ойлаймын.

— Бұрын 20 шақты жыл бұрын "гей" сөзі айтуға келмейтін, ұят болып саналатын. Ал қазір көпшілік оны ашықтан ашық айтатын болды? Бұл қандай да бір хайпқа жатпай ма? Әлде бізде гей, трансгендер, лесбиянкалар бұрыннан көп пе?

— Негізі бұрында да болған нәрсе. Тек оған көп қарсылық болды. Әлі де Қазақстанның ережелері бойынша, заңы бойынша ашық гейлерге бізде рұқсат жоқ. Википедияны, заңды алып қарастыратын болсақ бізде ондай нәрсе жоқ. Негізінде, бұрыннан да болған деп ойлаймын. Өйткені, психолог болғаннан кейін түрлі адамдарды көресің. Адамдар негізі тіпті газет арқылы өзінің құпияланған орынды немесе қаланың ішіндегі орын, кафе, сөздер арқылы іздеп, табатын болған. Жұп болған гейлер немесе лесбиянкалар егер өздерінің тарапынан Қазақстанда қысым көрмесе олар тұра береді. Егер қысым болатын жағдайда олардың басқа елге көшкен жағдайлар бар. Сондықтан да бұрыннан да көп деп айта аламын. Біздің қоғам бәрібір дәстүрлі қоғам деп ойлаймын.

— Каминг-аут деген сөз бар. Көк теам сайтының хабарлауынша біздің елде 1,5 миллионнан астам гей, лесбиянка, бисексуал, трансгендер өмір сүреді. Дегенменде, каминг аут жасайтындар өте аз. Көбінесе олар каминг-аут жасауға қорқатын сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?

— Шынымен каминг-аутты жасау өте қиын нәрсе. Өйткені, өзіңіз көріп тұрғандай бізді туғаннан идентификациямызды көрсетеді. Егер ел бала болса оны максималды түрде ер баладай өсіреді. Қыздарды қыз баладай өсіреді. Ал енді өсіп келген кезде ер адам ер адамға ғашық болған кезде біздің жүйе қатты шатаса бастайды, бұл түсініксіз болады. Сондықтан оны кейбір адамдарға қабылдау қиын болады. Каминг-аутты жасау көп адамға жасау қиындық тудырады. Өйткені, кейбіреулері достықтан, туысқандықтан бас тартуы мүмкін. Сол қатынасты жоғалтпау үшін шындықты айтпайды, каминг-ауттан бас тартады. Бұл бірінші себеп. Ал екінші себеп ол әрине әлеуметтік деңгейде қарама-қайшы қиындықты туыдарады деп ойлаймын. Булинг болуы мүмкін немесе жұмыс орында болуы мүмкін. Сондықтан да Қазақстанда каминг-аут жасау мүмкін емес дегім келіп тұр, дегенмен айтатындар да бар шығар. Ашық, жеңіл барлық туысқандарға, мемлекетке жариялау барлық адамдардың қолынан келмейді. Сондықтан каминг-аут жасауға қорқады.

— Бұрындары гей, лесбиянка, бисексуал, трансгендер дегендерді психологиялық аурумен ауыратындар дейтін, қазір олай емес секілді. Психолог ретінде не айтасыз?

— Бұрында солай ойлайтын, иә. Бүгінгі заманда олай деп айтпайды. Неге айтпайды? Өйткені бәріміз қазір бір-бірімізді әртүрлі адам ретінде қабылдауға үйреніп жатырмыз. Өйткені, толеранттыққа қатты ұмтылып жатырмыз. Баға бермеуге, сынамауға, кінәлауға деген сияқты. Сондықтан да әрбір психологтың өзінің позициясы бар, оларды да түсінуге болады. Кейбір психологтар “мен ондай адамдармен жұмыс жасай алмаймын” немесе “мен жұмыс жасай аламын” деуі мүмкін. Өз басыма бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Менің мақсатым – барлық адамдарды мүмкіндігінше қабылдау.

— Мысалы, ата-ана баласының өзгеше екенін, айрықша екенін түсінгенде не істеуі керек? Қандай психологиялық кеңес айтар едіңіз? Ұрып тастап жататындарын немесе жындыханаға салып жататындарды да естіп жатамыз. Осыған бір өзіңіздің ақылыңызды айтып өтсеңіз…

— Былай жасаңыз, былай жасамаңыз деп айтпай ақ қояйын. Бұл өте қиын сұрақ. Әрине ата-ана баласына ашулануы мүмкін. Табиғаттан тыс болып жатқанына, қоғамға сәйкес келмейтініне, басқа рөлді таңдағанына. Бәріне ыза болуы мүмкін. Әрбір отбасында өзінің қарым-қатынастары болады. Кейбір жағдайларда әкелер тіпті араласпайтын деңгейлерге жетеді. Анасы хабарласып, байланыста болуы мүмкін. Мысалы, 2009 жылы “Молитвы за Бобби” деген фильмде Сигурни Уивер деген актриса өзін ана ретінде баласы жайлы 1,5 жарым сағат бойы айтады. Барлық жағдайды көрсетеді. Менің айтып, бөлісіп жатқаным пропаганда емес, бірақ анасының өз баласына деген қиын, ауыр сезімдерін сезгенін бүкіл фильм бойы көрсетеді. Сол кезде қандай мықты әйел деп ойлайсың. Өзінің баласын неде болса қабылдайды. Психолог ретінде айтатын болсам, ата-анада екі ғана шарт бар. Баланы шексіз жақсы көру және баланы шексіз қабылдау. Ол қандай бала болса да. Өйткені, ата-анадан басқа өз баласын қолдайтын ешкім жоқ деп ойлаймын. Сондықтан да бұл жерде ең бастысы қарым-қатынасты жоғары деңгейде бағалау деп ойлаймын. Әр бала үшін неде болса да ата-анасының қолдауын сезіну. Ұрып жатқандарын, жындыханаға жатып қандарының естуім бар. Әрине бұл жерде баланы қатты басып тастаған жағдайлардағы ситуациялар деп ойлаймын. Әрине бұл өкінішті-ақ. Ол адамдарда басқа нұсқа болмаса, менің сөздерім оларға қалай жүреді деген өз-өзіме сұрақ қоямын. Олар үшін жындыханаға салып, ұрып-соққаннан басқа таңдау болмаса менің сөздерім ол адамдарға жүрмейді. Шын мәнінде терең қарайтын болсақ, әрбір ата-ана баласының құрметтегенін, рақметін айтқанын күтеді. Ал сондай жағдайда бала оны бере ала ма, бере алмай ма? Бұл үлкен сұрақ. Сондықтан да әрбір ата-ана өзі үшін шешу керек. Ал екінші нұсқаны айтқан кезде мен ата-аналарға сұрақ қойғым келеді. Ертең сіздер қартайған кезде балаларыңыздан қандай қарым-қатынасты күтесіз? Ұрып соғуды ма әлде жақсы қарым-қатынасты ма? Өйткені, Ресейде бір жағдай болғаны есімде. Танымал кісінің сондай қарым-қатынаста жүргені анықталып ол адамды соттайды үлкен сомманы ұрлады деген айып салынады. Собчактың бағдарламасына келген кезде әкесі келеді. Сол кезде ол бүкіл елге ашып жариялайды. Енді не істейсіздер? Өлтіресіздер ме? Иә, ол сондай қарым-қатынаста болды. Бірақ ол ондай ақшаны ұрлаған жоқ. Лауазымы үлкен танымал адам сол берді. Қазір оның сотталуының қажеті жоқ деген сияқты ашық сұхбатты айту меніңше ол кісіге өте қиын болды. Дегенмен барлық пікірлерді оқитын болсақ бүкіл адам әкесінің дәстүрлі көз қараспен қараса да, өссе де баласын бәрібір қабылдап тұр. Баласын қорғауға дайын. Сол сұхбатты көрген көпшілік оны үлкен құрметпен қабылдады. Сондықтан да біз өзіміз көмектесе аламыз ба, жоқ па? Соңында қалатыны қарым қатынас. Сондықтан да бұл сұраққа толерантты түрде жауап бергім келеді. Мен соны қолдаймын не қолдамаймын дегім келмейді. Егер ондай болатын болса, окей. Егер мен оны жамандайтын болсам онда жаман маманмын деген сөз. Әрбір келген адамды ауру деп санайтын болсақ оған адамдар сенімен жұмыс жасай алмайды. Ең басты мақсат – әрбір психолог оның ондайға келуіне не себеп болғанын анықтауы қажет. Осы себептерді анықтағаннан кейін ол не істегісі келеді? Қалай өмір сүргісі келеді? Сондай сұрақтарға жауап алуға тырысады.

Соңғы жаңалықтар