Баланы құтқарып қалған қарағандылық полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баланы құтқарып қалған қарағандылық полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Баланы құтқарып қалған қарағандылық полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Қарағанды облысында Ақтоғай ауданының ІІБ миграция полициясы тобының инспекторы Фархад Каукербеков баланы құтқарғаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлад

  • 13 Мамыр 2014
  • 836
Фото - Caravan.kz

2011 жылғы сәуірде полицей кәріздік құдыққа құлап кеткен баланы құтқарып қалды. Ол құтқару үшін кәріздік қалдықтардың жағымсыз иісі шығып тұрған шұңқырдағы мұзды суға түсуден тартынбаған. Солайша көмекке шақырған дауысты байқап қалған полицей шұңқырдан баланы аман алып шыққан.


Марапатталған полиция майоры өзін батыр санамайды. «Әр азаматты қорғау — біздің міндетіміз. Менің орнымда кім болса да, солай істер еді», — деп атап өтті Ф. Каукербеков.