Баласын аяусыз соққыға жыққан қатігез әке қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баласын аяусыз соққыға жыққан қатігез әке қамауға алынды

Баласын аяусыз соққыға жыққан қатігез әке қамауға алынды

Түркістан облысының полиция департаменті баласын соққыға жыққан әкеге қатысты істің бақылауға алынғанын хабарлады.

  • 5 Қазан 2020
  • 122
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналистЖазира Бегалы желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бүгін жариялаған бейнежазбадағы үш баланың анасымен хабарластым.

Отағасынан жәбір көреміз, ұрады, соғады деп шағымданған үш баланың анасы Махаббат Сәдуақасқызы қазір Қазығұрт аудандық Полиция басқармасында отыр. Келіншек тергеушілер жауап алып жатыр деді.

Полиция қызметкерлері "ұлдарын, жарын ұрғыш әкені де тергеп жатыр. Бүгін Астанадан әуежайға түскенде шырылдап, көз жасын тия алмай ,көмек сұраған Махаббат пен үш баланың өміріне алаңдап отырмын.

Әке жазадан құтылып кетсе, қорғансыздарды құқық қорғау органдары қорғай ала ма?

ҚҰДА БАЛАМ ПОЛИЦИЯ ДЕП ҚҰТЫРЫП, ТАЙРАҢДАП, БАЛА-ШАҒАСЫН ҰРҒАН АДАМ ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛЫП КЕТПЕЙ МЕ?

ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ӘЙЕЛДІҢ АРЫЗЫН ПОЛИЦИЯ НЕГЕ ҚАБЫЛДАМАҒАН?


…БІЗДІҢ ПОЛИЦИЯ КІМДІ ҚОРҒАУ КЕРЕК?

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері белгісіз ер адамның кәмелетке толмаған баланы ұрып-соғып жатқан бейнежазбасын анықтады. Тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны айқындалды.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 110-бабы "Азаптау" бойынша Қазығұрт АПБ-нің СДТБТ-не тіркеді . Кінәлі азамат заңды түрде жауапқа тартылатын болады. Сонымен қатар, аудандық учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде.

Қазіргі уақытта аталған жайттың толық мән-жайы анықталуда.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

Бұл істі Түркістан облыстық полиция департаменті бақылауға алыпты.

Соңғы жаңалықтар