Баласын түнде ойын-сауық орындарына жіберген 78 мың ата-ана жауапқа тартылды – ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баласын түнде ойын-сауық орындарына жіберген 78 мың ата-ана жауапқа тартылды – ҚР ІІМ

Баласын түнде ойын-сауық орындарына жіберген 78 мың ата-ана жауапқа тартылды – ҚР ІІМ

Ағымдағы жылы кәмелетке толмаған балаларды түнгі уақытта ойын-сауық орындарына жібергені үшін 78 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапқа тартылған.

  • 30 Желтоқсан 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Биыл кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 78 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 1 600 кәсіпкер әкімшілік жазаға тартылды», — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Брифинг барысында ол биыл балаларға қатысты жасалатын жыныстық қол сұғушылық қылмыстары 22,7%-ға азайғанын атап өтті. Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, карантиндік шектеулерді алып тастау — бұл бағыттағы заңға қайшы әрекеттер санының төмендеуіне сеп болған.