Балмұздақ күйзелістен құтқарады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балмұздақ күйзелістен құтқарады

Балмұздақ күйзелістен құтқарады

Күнделікті жеп жүрген балмұздақ күйзелістен құтқарады екен. Бұл туралы ұлыбританиялық нейрофизиологтар «Rebuild from Depression» басылымына берген ақпаратында хабарлады.

  • 28 Сәуiр 2016
  • 390
Фото - Caravan.kz

Лондондық мамандар зерттеулерінің нәтижесі бойынша, «балмұздақ адамды күйзелістен құтқарады» деген қорытындыға келіп отыр. Балмұздақ жеген адам көңілдегі шерін бір сәт естен шығару арқылы күйзелгенін ұмытады екен.

— Балмұздақ жегенде адамның ми бөлігіндегі жасушалар жанданады. Әдетте мидың бұл бөлігі адам музыка тыңдағанда және жақын жандарымен кездескенде ғана қызмет жасайтын-ды, — дейді зерттеушілер.

Лондондық нейрофизиологтардың айтуы бойынша, күйзеліске шоколадты балмұздақ пайдалы екен. Ал осыған дейін шоколадтың көңіл-күйге әсері жайлы айтылып та, жазылып та жүр. Сондай-ақ, америкалық ғалымдар балмұздақтың психологиялық күйзеліс пен ұйқысыздықтан арылтатыны жайлы 2011 жылы-ақ мәлімдеген болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, алдағы уақытта күйзеліс әлем елдеріндегі басты мәселелердің бірі болуы мүмкін. Мамандар 2020 жылға қарай күйзеліс кесірінен пайда болатын аурулар мен одан мүгедек болып қалуы мүмкін жандардың саны артатынын ескертіп отыр, деп жазады massaget.kz