Балқаш қаласының маңында болған жол апатының салдарынан 1 адам опат болып, 4 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балқаш қаласының маңында болған жол апатының салдарынан 1 адам опат болып, 4 адам зардап шекті

Балқаш қаласының маңында болған жол апатының салдарынан 1 адам опат болып, 4 адам зардап шекті

Қарағанды. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Балқаш қаласының маңында болған жол апатының салдарынан 1 адам опат болып, 4 адам зардап шекті. Бұл туралы журналистерге Қарағанды облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Николай Калашников хабарлады.

  • 25 Шiлде 2008
  • 475
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдай кеше Алматы — Екатеринбург тас жолының 669 шақырымында, Балқаш қаласынан 20 шақырым жерде күндізгі 13 сағат 20 минутта болған.

Балқаш қаласының ауруханасына әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен 13 адам жеткізілді. Олардың төртеуі ауруханаға жатқызылған.

Жол полициясы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, Шымкент қаласының тұрғыны болып табылатын 33 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, «Мерседес-Бенц» автобусының аударылуына жол берген. Ондағы 49 орында 45 адам болған. олар Шымкент — Астана бағытымен кетіп бара жатқан.

Жүргізушінің айтуынша, сол жақ дөңгелекке зақым келуіне байланысты автобус сол жақ бүйіріне аударылып кеткен.

Аталмыш оқиға бойынша, Балқаш қаласының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті