Итальяндық режиссер Даниэле Лучетти «Мені Франциск деп атаңдар» картинасына 12 млн $ жұмсамақ, деп американдық "National Catholic Reporter" апталығы мәлімдеді.
Картина желісі аргентиналық журналист Евангелина Химитианның бестселлерге айналған «Франциск: халықтан шыққан папа» кітабына негізделген.
Фильм түсіру биыл жазда басталып, 17 желтоқсан понтификтің 78 жасын атап өтуге қарай аяқталмақ.

