Найзағайлы жаңбыр елде бір апта бойы аптап ыстық болған соң басталған.
«Екі күннің ішінде осынша адамның көз жұмуы Бангладеште ғана емес, әлемде сирек кездеседі. Соңғы жылдары климаттың өзгеруінен найзағай жиі түсетін болды», — деді Төтенше жағдайлар министрі Мофаззал Хоссейн Чоудхури Майя.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың басым бөлігі Бангладештің орта бөлігі мен солтүстігінде ауылды аймақта тұратындар. Ресми мәліметтер бойынша, ол аймақта өткен жылы найзағай ұру салдарынан 17 адам жан тапсырған екен.