Бангладеште тегін киім тарату кезіндегі кептелістен 17 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бангладеште тегін киім тарату кезіндегі кептелістен 17 адам қаза тапты

Бангладеште тегін киім тарату кезіндегі кептелістен 17 адам қаза тапты

Елдің солтүстігінде Мименсингх қаласында тегін киім үлестіріп жатқан кезде кептелістен кем дегенде 17 адам қайтыс болды, деп хабарлады жергілікті полиция.

  • 10 Шiлде 2015
  • 602
Фото - Caravan.kz

Оқиға жергілікті темекі фабрикасының иесі кедей-кепшікке  киім тарататыны жайлы хабарлағаннан кейін орын алды. Фабрика ғимаратының алдына бірнеше жүздеген халық жиналып, тар қақпаның маңында кептеліс жасады.

Қазір полиция фабрика иесін қосқанда, жеті адамды тұтқынға алды. Билік қаза тапқандардың саны артуы мүмкін деп қауіптенуде.

Рамазан айы уақытында бай бангладештіктер жиі кедей тұрғындарға тегін киім таратады.