Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес ол Ресейге ақша табу үшін бармақшы болған. «2015 жылғы 28 қарашада Таранов ауданы «Аят» ӨББ-ге келген, сол жерде төлқұжаты тексеріледі, — деп атап өтілген хабарламада. — Алайда оған өтуге рұқсат берілмеді. Содан болар екі күннен кейін кешке ол Қарабалық ауданындағы «Қайрақ» шекара қосынын айналып өтіп, дала жолымен мемлекеттік шекараны кесіп өтеді. Бейтарап аймаққа шығып, РФ «Бугристое» пунктіне жетеді, сол жерде төлқұжаты тексеріледі».
Қарабалық аудандық соты оны ҚР ҚК 392-бабы 2-бөлімі бойынша айыпты деп танып, қоныс колониясында алты айға бас бостандығынана айыру жазасын кесті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.