Банкроттыққа ұшыраған "Нефтехимбанкі" өз салымшылары алдындағы берешекті толыққанды өтейді - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банкроттыққа ұшыраған "Нефтехимбанкі" өз салымшылары алдындағы берешекті толыққанды өтейді

Банкроттыққа ұшыраған "Нефтехимбанкі" өз салымшылары алдындағы берешекті толыққанды өтейді

Банкроттыққа ұшыраған "Нефтехимбанкін" тарату жөніндегі комиссия салымшылар алдындағы берешекті өтеп бітіруге жақын,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне "Нефтехимбанк" ААҚ-ын тарату жөніндегі комиссияның төрағасы Асқар Тоқсейітов.

  • 25 Тамыз 2003
  • 671
Фото - Caravan.kz

«Нефтехимбанк» АҚ 2000-жылы банкротыққа ұшыраған. Жою жұмыстары басталған кезде банктің 2 мыңнан астам зейнеткерлерден құралған негізгі кредиторлары алдындағы борышы 1 млрд. 100 мың теңгені, банк мүлкінің баланстық құны 300 млн. теңгені құраған. Тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижесінде банк мүлкінің құны қасақана 10 есе азайтылып көрсетілгені белгілі болды. Банкроттыққа ұшырау дерегі бойынша 10-нан астам қылмыстық іс қозғалып, олар соңынан бір іске біріктірілді. Алайда банктің банкроттыққа ұшырауына кінәлі жандар күні бүгінге дейін жауапкершілікке тартылған жоқ.

200-ден астам банк дебиторларының арасында тек 50-і ғана банк алдындағы берешекті өтеуге қауқары бар. Дебиторлық жалпы берешек 500 млн. теңгені құрайды. Банк алдында дебиторлық берешегі бар кәсіпорындар арасында «Мақташы» АҚ да бар. Кәсіпорынның банкке берешегі 1,5 млн. долларды құрайды. Осы акционерлік қоғамнан несиелік берешекті өндіріп алуға банкті тарату жөніндегі комиссия екі жылдай уақытты сарп етті. Берешекті өтеу үшін «Мақташы» АҚ-ның мақта зауыты сатылды. ҚР Ұлттық банкінің облыстық филиалының есепшотына аударылған бұл қаржы банк салымшылары алдындағы берешекті өтеуге толық жетеді деп бағалануда.

Соңғы жаңалықтар