«Банктер банкрот болады» деп жұртты дүрліктіргендер табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Банктер банкрот болады»  деп жұртты дүрліктіргендер табылды

«Банктер банкрот болады» деп жұртты дүрліктіргендер табылды

Еліміздегі 3 ірі коммерциялық банк «банкрот болады» деп елді дүрліктіргендер анықталды. Бірақ бас прокуратура жалған ақпарат таратқандардың кім екенін, олардың аты-жөнін ашып айтпай отыр. Бір анығы арандатушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалмақ.

  • 20 Ақпан 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz


Нұрдәулет Сүйіндіков, Бас прокуратураның ресми өкілі:

-Бірқатар тұлға анықталды, оларға қатысты қажетті тексеру шаралары жүргізілуде. Талап арыз енгізілді, қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.

Белгісіз біреулер «WhatsApp» желісі арқылы "Kaspi ", "Альянс " және "ЦентрКредит" банктері «жабылады», депозиттегі ақшаларыңды «дереу алыңдар»  деп таратқан хабарламасы жағдайды әлі ушықтырып тұр. Девальвациядан кейін сенуден қалған салымшылар сабырға шақырған Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың сөзін де елер емес. Қазір банктер жалған смс-тен келген шығындарын есептеп жатыр.