Банктердің ең төменгі резервіне қойылатын талаптардың өзгеруі еліміздің валюта нарығындағы жағдайға әсер етпейді – Сәйденов - kaz.caravan.kz
  • $ 460.8
  • 541.21
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банктердің ең төменгі резервіне қойылатын талаптардың өзгеруі еліміздің валюта нарығындағы жағдайға әсер етпейді – Сәйденов

Банктердің ең төменгі резервіне қойылатын талаптардың өзгеруі еліміздің валюта нарығындағы жағдайға әсер етпейді – Сәйденов

АЛМАТЫ. 12-шілде. Kazakhstan Today. Банктердің ең төменгі резервіне қойылатын талаптардың күшейтілуі еліміздің валюта нарығындағы жағдайға әсер етпейді. Еліміздың қаржы нарығындағы ахуалға орай бүгін өткізілген баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Шiлде 2006
  • 379
Фото - Caravan.kz

“Меніңше, талапты қатайту – нарыққа әсер етеді деп ойламаймын”,- деді Ә.Сәйденов. Оның айтуынша, “валюта нарығында банктер емес, олардың клиенттері – экспорттаушылар шешуші роль атқарады. Солар банктерге валютаны сатуға нұсқау береді”.

“Сол себепті мүмкін шамалы ғана түзетулер болуы мүмкін. Банктер 18-шілдеде ең төменгі резерв жөніндегі талаптың қалай бекітілетініне қарай өз қоржындарын өзгертетін болады”,- деді еліміздің бас банкирі. “Бірақ бұл еліміздегі валюта нарығына айтарлықтай әсер етпейді”,- деді Ә.Сәйденов.