«Бақытты өмірді» уәде еткендер Қырымды Ресейге қосуға жанталасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бақытты өмірді» уәде еткендер Қырымды Ресейге қосуға жанталасып жатыр

«Бақытты өмірді» уәде еткендер Қырымды Ресейге қосуға жанталасып жатыр

Қырым жұрты қай елдің азаматтығын таңдайтынын өздері шешпек. Ресей құрамына өтуге жанын салып жүрген автономиялы республиканың премьер-министрі қазір үгіт-насихатты үдетуде. Референдумның өзі алдағы жексенбіге белгіленген. Дегенмен мойындалмаған Үкіметтің бастамасын қолдамайтындар да күнде шерулетіп жатыр. Әсіресе Ресейдің қоластындағы «бақытты ғұмырды» қаламайтын жергілікті татарлар.

  • 11 Наурыз 2014
  • 247
Фото - Caravan.kz

Қырымда автономия статусын анықтайтын референдумға дайындық жұмыстары күшейтілген. Бүлікті бастап жүргендер қазір Симферопольдың орталық алаңында Ресейдің қол астындағы «бақытты ғұмыр» жайында жарыса хабарлап жатыр.

–  Бір кісідей референдумға келіп,болашағымыз үшін дауыс беруге тиіспіз.   Келешегіміз – Ресеймен бірге.

—  Солай ма?

—  Иә,иә,иә!

Ресеймен одақты қаламайтындар да мұнда баршылық. Қарсылығын қызу білдіріп жатқан Қырымның байырғы тұрғындары татарлар.

–  Адамдар ойланыңдар. Сендердің бастарыңды айналдырып жатыр. «Демократия» деп жүргенде  Ресейдің диктаторлық режиміне ұрынасыңдар. Әдемі сөзге алданбаңдар.

Осыған ұқсас толқулар Украинаның шығыс өңірінде де белең алуда. Донецк пен Харьков алаңдарына мыңдаған адам шығып, өз қалаларының автономиялы болуын және Ресейге қосылуды көздеп отыр. Ал жергілікті әкімдік ғимиратында қос елдің туы алма-кезек ауысуда.

Россия, Россия!

Путин – геть! Путин – геть!

Ал Киев көңіл айтып келген қонақтардың кезекті тобын қабылдауда. Кеше майдандағы ахуалмен Михаил Ходорковский және Ксения Собчак танысып қайтты. Жұрт алдында сөз сөйлеген «Юкостың» бұрынғы басшысы ресейліктердің барлығы әскердің араласуын мақұлдап отырған жоқ дейді.

Михаил Ходорковский:

Сіздер мүлдем өзге Ресейдің де бар екендігін біле жүріңіздер. Тұтқындау мен темір торға қарамастан Мәскеуде митингке шыққан адамдар үшін өз бостандығына қарағанда, Украина мен Ресейдің достығы әлдеқайда қымбат.

Ал Қырымда орналасқан әскери бөлімдер Ресей жауынгерлерімен қоршалғандығы жайлы хабарламалар көбейе түскен. Украиналық ақпарат құралдары автономия аумағында Ресей нөмірін таққан әскери техниканың жүргенін таратуда. Алайда түбек жұрты бұны көре алмайды. Себебі мұнда барлық украиналық телеарналардың таратылуына шектеу қойылып, ресейлік арналар ғана сайрап жатыр. Айта кетсек, қазір Украинада президент сайлауының үгіт-насихаты да қызу жүріп жатыр. Үміткерлер рейтингінде әзірге Петр Порошенко бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Виталий Кличко мен Юлия Тимошенко.