Онда Барак Обама айна алдында өз түріне қарап, сөз сөйлеуге дайындалады. Сөйтіп тұрып езу тартып, тілін шығарып, түрін құбылтып, түрлі күлкілі қылықтар жасайды. Қойын кітапшасына әйелінің суретін салып, моноподпен селфиге түседі. Тіпті, қолында доп болмаса да, «баскетбол» ойнайды. Бейнеролик «Барлық адам жасайтын, алайда ешкімге көрсетпейтін қылықтар» деп аталады. Бұл күлкілі ролик Обаманың өзі ұсынып отырған мемлекеттік сақтандыру жүйесін жарнамалауға арналған.