Барахолка тағы отқа оранды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барахолка тағы отқа оранды

Барахолка тағы отқа оранды

Барахолка өрттен көз ашар емес. Бүгін мұнда тілсіз жау тағы тұтанды. Бұл жолы «Алатау» базарын жалын шарпыған. Тек төтенше жағдайлар қызметі дер кезінде жетіпті. Екі контейнерге тарап үлгерген өрт бірден ауыздықталған.

  • 27 Қараша 2013
  • 313
Фото - Caravan.kz


Айта кетсек, бұл Барахолкада осымен қатарынан тіркеліп отырған үшінші өрт. Алғашқысы қыркүйек айында, екіншісі 17-ші қарашада тіркелген. Тілсіз жау жалпы саны 7 базарды шарпыды. Мамандар қорытындысына сәйкес, бірінші оқиға дәнекерлер жұмысының кесірінен шықса, соңғысының қасақана от қойылған әрекеттен болғаны анықталды. Сондықтан бұл жолы да адами фактор себепші болуы мүмкін екені айтылуда. Ал бүгін Төтенше жағдайлар қызметі «Барахолканы алмастыруы тиіс» деген жаңа базар «Өжеттің» де іске жарамсыз екенін жеткізді. Қауіпсіздік ережесі өрескел бұзылған. Демек, оның да жабылуы ғажап емес.