Өрт былтыр қыркүйек айында болған. Тілсіз жау 5 мың шаршы метр аумаққа таралып, «Олжа», «Аян» және «Керемет» базарларындағы 300 бутикті күлге айналдырған-ды. Кәсіпкерлерді миллиондаған шығынға батырды. Кейін барахолкадағы алапат өрт бірнеше рет қайталанды. Енді, міне, осы оқиғаға қатысты істің алғашқысы сотқа жетіп отыр. Қыркүйектегі бірінші өрт қасақана қойылмаса да, жалынның тұтануына сондағы бір саудагердің айбасыз әрекеті себеп болған. Сондай-ақ, «қауіпсіздік ережесін сақтамады» деген айыппен «Олжа» базарының директоры да жауапқа алынбақ.