«Бәріне ескертемін»: Түркиядағы жойқын жер сілкінісін болжаған нидерландылық сейсмолог таяуда тағы да алапат зілзала болатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бәріне ескертемін»: Түркиядағы жойқын жер сілкінісін болжаған нидерландылық сейсмолог таяуда тағы да алапат зілзала болатынын айтты

«Бәріне ескертемін»: Түркиядағы жойқын жер сілкінісін болжаған нидерландылық сейсмолог таяуда тағы да алапат зілзала болатынын айтты

Түркиядағы жойқын жер сілкінісін болжаған нидерландылық сейсмолог Франк Хугербитс алдағы күндері тағы да алапат зілзала ошақтары болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі, БАҚ беттеріне сілтеме жасап.

  • 2 Наурыз 2023
  • 208
Фото - Caravan.kz

Атақты сейсмологтың болжамын SSGEOS ғылыми институтының YouTube-арнасында пайда болды.

Ғалымның айтуынша жойқын жер сілкінісі 2-5 наурыз аралығында немесе сейсмикалық белсенділік 3–4 наурыз, я болмаса 6–7 наурыз аралығында болуы мүмкін. Сейсмологтың айтуынша, жерасты дүмпулері әлемнің 12 елінде, ал олардың магнитудасы 8,5 балдан жоғары болуы мүмкін.

"Мен асыра сілтеп жатқан жоқпын және бәрін қорқыту ойымда жоқ. Бірақ бәріне ескертемін, себебі планеталық геометрияның критикалық жақындауы алапат сейсмикалық қысымға алып келеді", – деді Хугербитс.



Сонымен бірге ол зілзала ошақтары Солтүстік Америка, Индонезия, Португалия, Грекия мен Жапонияда болатынын атап өтті. Бұдан бөлек сейсмолог жерасты дүмпулерінің белсенділігі Камчатка мен Курил аралдарында болуы мүмкін деген болжам айтты. Бұған дейін, естеріңізде болса Франк Хугербитс Түркиядағы жер сілкінісінен кейін, таяу шығыстағы жерасты дүмпулерінің ошақтары өзгергенін айтқан еді.

Ал Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны бүгінде 45 мыңға жуықтады.

Соңғы жаңалықтар