"Бәрінен бұрын ата-әжесіне қиын болды, оларға шын жаным ашиды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бәрінен бұрын ата-әжесіне қиын болды, оларға шын жаным ашиды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

"Бәрінен бұрын ата-әжесіне қиын болды, оларға шын жаным ашиды": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі күтпеген мәлімдеме жасады

Атышулы Қуандық Бишімбаевтың екінші некедегі әйелі бұрынғы қайын атасы мен енесіне қатысты тағы бір құпияны ашты.

  • 23 Мамыр
  • 131
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Назым Қаһарман бұл туралы ойын Instagram желісіндегі Stories бөлімінде айтты.

Алдымег ол оқырмандардың балаларының ата-әжесімен араласатыны жайлы сұраққа жауап берді. Айтуынша, енді оның балалары ата-әжелерімен араласпайтын көрінеді.

Кейін оның тағы бір оқырманы «Қайтсе солардың қаны ғой, араластырыңыз, бұлай артық кетпеңіз, оларды да аяңыз» деген сауалына жауап берді.

«Иә, ата-әжесіне обал болды, оларды шынымен де аяймын. Бірақ менің балаларымның денсаулығы мен психикасы аяушылық сезімінен де жоғары тұрады екен, сондықтан осындай шешімге келдім» деп жауап берді ол.