Әдеттегідей таңертең сабағына аттанған Сабина Исақова мына көп қабатты үйдің тоғызыншы қабатына шығып, осындай оқыс қадамға барған. Сөмкесінен «Бәріңді жақсы көремін, кешіріңдер» деп жазылған хаты табылды. Биіктен секірген оқушы тілге келмей кетіпті. Мәлімет бойынша, ол сүйіктісімен сөзге келіп қалып, артынан осындай әрекетке барған. Мектеп ұжымы болса Сабинаның үлгерімі жақсы, достарының арасында өте сыйлы болғанын айтады. Тіпті бос уақытында бірнеше үйірмеге қатысқан.Қазір қаршадай қыздың өліміне қатысты тергеу амалдары басталды.