Барселонада жүз мыңдаған адам жаппай шеруге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барселонада жүз мыңдаған адам жаппай шеруге шықты

Барселонада жүз мыңдаған адам жаппай шеруге шықты

Барселонада 11 қарашада жүз мыңдаған адам жаппай шеруге шығып, саяси тұтқындарға қолдау білдірді.

  • 12 Қараша 2017
  • 239
Фото - Caravan.kz

Полицияның мәліметі бойынша, шеруге 750 мыңға жуық адам қатысқан, деп хабарлады 24.кз. Олар Мадридтің Каталонияны тікелей басқару туралы шешімімен келіспейтіндерін айтып, Каталония үкіметінің қазір қамауда отырған бұрынғы 8 министрін және халықтық компанияның екі көшбасшысын босатуды талап етті. Сондай-ақ олар Мадрид қызметтен шеттеткен Каталония үкіметінің бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон мен тағы төрт каталондық саясаткерді тұтқындау туралы ордердің күшін жоюды сұрап отыр.

— Саяси тұтқындар жалғыз емес, оларды қолдайтын адам көп. Қазір қарапайым халық пен саясаткерлер көшеге шығып наразылықтарын білдіріп, қамауға алынғандардың бостандыққа шығуын талап етіп жатыр,- деді Каталония депутаты Роджер Торрент.

Айта кетейік, бұған дейін жергілікті парламент ел тәуелсіздігін жариялаған еді. Ал Испания билігі автономды аймақ басшылығының бұл қадамын заңсыз деп таныды. Ешқандай ел Каталонияның тәуелсіздігін мойындаған жоқ. Ресми Мадрид автономияға тікелей басқару енгізіп, Карлес Пучдемонды қызметінен аластатты. Сондай-ақ Каталония парламентін таратқаннан кейін, жаңа сайлауды 21 желтоқсанға белгілеген болатын.



 

Соңғы жаңалықтар