«Барыс» кезекті жеңісіне қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» кезекті жеңісіне қол жеткізді

«Барыс» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Шайбалы хоккейден  тұрақты чемпионаттың соңғы бөлігін сылбыр өткізген «Барыс»,  плей-оффты сәтті бастады. Екатеринбургтің «Автомобилистін»  қабылдаған астаналық хоккейшілер екі матчта да жеңіске жетті.

  • 11 Наурыз 2014
  • 181
Фото - Caravan.kz

Бірақ Астана мұз айдынындағы  жеңіс айдын иелеріне оңай тиген жоқ. Шиеленісті өткен  алғашқы матчта  хоккейшілерге   80 минут тер төгуге тура келді.  Таразы басы теңселген бәсекенің  негізі бөлігінде жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Дегенмен экстра-таймның екінші кезеңінде қарсы қақпадан саңлау тапқан  Роман Савченко «Барысқа» жеңіс  сыйлады. Тартысқа толы болған қарымта матчтың  тағдыры да овертаймда шешілді. Бұл жолы кездесудің негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталды. Жеме-жемге келгенде тағы да мінез танытқан астаналықтар қосымша таймда жеңісті жұлып кетті. Шешуші голды   Майкл Ландин соқты. Екі команда арасындағы келесі  ойын 11-ші наурыз күні Екатеринбургте өтеді.

Футзалдан алматының “Қайраты” Еременко кубогын жеңіп алды. Халықаралық турнирдың ақтық бәсекелерін Алматы қабылдаған болатын.

Финалда екетеренбургтың “Синара” командасымен кездескен “Қайрат” 5:1 есебімен жеңіске жетті. УЕФА чемпиондарына ресейліктер мардымды қарсылық көрсете алмады. Кездесудің есебін алматылық клубтың қақпашысы Игита ашты. Алешандре хет-трик авторы атанса, өз сәтін ұтымды пайдаланған Жоанда жергілікті көрермендердің мерейін үстем етті. Қонақтар сапында жалғыз гол Сергей Абрамовтың еншісінде. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде “Газпром-Югра” 6:2 есебімен “Тьюменді” ойсырата ұтты.    

Мәртебелі «Париж — Ницца» көпкүндігінің бірінші кезеңінде француз шабандозы Насэр Буханни үздік шықты. 162,5 шақырымды құраған спринттік кезеңді француз 3 сағат 53 минут 11 секундта еңсерді.

Германиялық Йон Дегенкольб мәре сызығын екінші кессе, бельгиялық Джанни Меерсман үшінші нәтиже көрсетті.  Көпкүндік додаға кіл легионерлерді қосқан «Астана» сапынан италиялық Франческо Гавацциді атап кетуге болады. Көмбеге алғашқы топпен жеткен астаналық велошабандоз  алғашқы ондықты түйіндеді. Сегіз кезеңнен тұратын «Париж-Ницца» көпкүндігі наурыздың 16 дейін жалғасады.